Алушыға ғана емес, берушіге де тосқауыл қажет

Елбасы, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге баса назар аударады.  «Бесінші басымдық – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты»- деп атап көрсетті және сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттігін баса айтты. 

Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету үшін оны туындататын сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге назар аударылу қажет. Жемқорлыққа қарсы күрес – уақытша мәселе емес, ол Елбасының күнделікті, ұзақ мерзімді мемлекеттік саясаты. Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністері қоғамның мүддесіне зардабын келтіреді және мемлекеттің экономикалық өсуіне кедергі келтіреді. Қазірге дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесі жемқорлықтың салдарымен ғана күресуге және кінәлі адамдарды жазалауға бағытталған болса, қазіргі уақытта жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы басты назар оның алдын алуға бағытталуда. Сонымен, адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі екені белгілі. Басқа дамушы елдер сияқты біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ. Сол себепті бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни, бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Ол үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет барынша қалыптастырылып, тек қана пара алушы ғана емес, сонымен қатар субъектілер тарапынан да жемқорлыққа қарсы әрекет жасалуы қажет, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзе алмаушылық мінез-құлықты бойға сіңіре білу керек. Мұны іске асыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мен білім беруді үздіксіз жүзеге асырылуы қажет деп саналуда. Сонда ғана халық сенімінің үдесінен шығатынымыз сөзсіз.

О.Калиева, Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары.

Комментарии закрыты.