Сыбайластық орға жығар

2015 жылы 18 қарашада № 410-V ҚРЗ  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Аталған құжат 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны, сондай-ақ, Елбасы Н.Назарбаев айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-ші қадамын жүзеге асыруға бағытталған. 

Осы заңның басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру арқылы, қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға бағытталған.
Осы Заңның 24 бабында: «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді және осы тармақтың ережелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпаратты хабарлаған адамдарға қолданылмайды, олар заңға сәйкес жауапты болады», сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және заңда белгіленген тәртіппен ұсынылады, көрсетілген ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады» делінген.
Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Г.Бейсенбекова, Сәтбаев қаласы Әділет басқармасының жетекші маманы.

Комментарии закрыты.