Қарағанды облысына жаңа әкім келді

ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің басшысы болған 54 жасар Ерлан Қошанов Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ол өңірді екі жарым жыл бойы басқарып келген Нұрмұхамбет Әбдібековтың орнына келді. Жаңа әкімді облыс активіне ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев таныстырды. Бұған дейін Қарағанды облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өткізіліп, депутаттар облыс басшысы қызметіне ұсынылған Ерлан Қошановты бірауыздан мақұлдады.
Ерлан Жақанұлы Қошанов 1962 жылы Жезқазған облысындағы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында туған. Қарағанды политехникалық институтының Жезқазған филиалын (1984), КСРО Сыртқы сауда академиясы жанындағы жоғары коммерциялық мектепті (1991) және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1999) бітірген, мамандығы – инженер-механик және экономист.
Еңбек жолын «Жезқазғантүстімет» ӨБ-нің байыту фабрикасында слесарь (1986-1988) болып бастады. ҚЛКЖО Жезқазған облыстық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі (1988-1990), Жезқазған облыстық сыртқы-экономикалық байланыс комитетінің жетекші, бас маманы, бөлім бастығы, төрағаның орынбасары, төрағасы болды (1990-1995), Қазақстан Республикасы Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі (1999-2003), ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары (2001-2003), ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі (2003-2006), ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы (2006-2007), ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары — Үкіметтің Парламент Мәжілісіндегі өкілі (2007 ) болды.
Сондай-ақ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2004), «Астана халықаралық әуежайы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (2005). ҚР Парламенті Сенатының депутаты (1995-1999) болып сайланды. Бесінші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша кандидат (07.12.2011) болды. «Нұр Отан» халықтық-демокартиялық партиясының мүшесі.

2012 жылдың ақпанынан бері ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болды.

Комментарии закрыты.