Мектеп оқушысының дұрыс тамақтануы

Балалардың дендерінің сау және шымыр болып өсуі үшін олардың организмдеріне көп нәрлі заттар – ақуыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер және микроэлементтер қажет.

Оқушыға күніне тамақтану төрт реттен кем болмауы керек. Таңғы, түскі және кешкі ас міндетті түрде ыстық тамақ болуы қажет. Балалардың тағам рационында сүт, сүзбе, құрт, ірімшік, айран мен ақуыз болғаны жөн. Кальций мен фосфорды балық тағамдарынан алуға болады. Күніне бір-бір жарым литр сұықтық, бірақ, газдалған емес, жеміс немесе көкөніс шырынын ішу қажет.
Балалар үшін ең қажеттісі таңғы ас. Таңғы асқа, мысалы, тәтті шәй, нан-тоқаштық өнімдер, ботқа (сұлы немесе қарақұмық ботқасы), кеспе, балғын көкөністер, жемістерден алма кіреді.
Түскі асқа ыстық тамақпен тамақтану міндетті түрде, екі ыстық тамақ болса тіпті жақсы. Мысалы, көже (күріш, бұршақ, борщ және т.б.), лағман, кеспе, ал екіншісіне котлета, пісірілген немесе бұқтырылған ет тілімі, палау және т.б., гарнирге – күріш, қарақұмық, кеспе, картоп езбесін, бұқтырылған немесе пісірілген көкөністерді қолдануға болады. Ыстық тамақты нанмен ішіп-жеген дұрыс. Үшіншісіне бір стақан шырын, шәй, компот ішуге болады. Түскі аспен кешкі астың арасында тәтті нанмен, тоқашпен бір стақан айран, сүт ішкен дұрыс. Сонымен бірге, жемістерді (алма, алмұрт, банан) жеп әлденіп алуға болады. Кешкі асқа бір ыстық тамақпен (сорпа, көже, лағман, кеспе, палау, мәнті, тұшпара және т.б.) тамақтануға болады.
Ең бастысы, тағам пайдалы, құрамында ақуыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер және микроэлементтер болуы қажет.

Д.Әбікенова, отбасылық денсаулық орталығы қызметінің меңгерушісі.

Комментарии закрыты.