Супермаркеттерде әлеуметтік қатарлар жасалады

Қарағанды облысының әкімдігінің аппарат отырысында азық-түлік тауарларының бағасы талқыланды. Онда аймақ басшысы Ерлан Қошанов әлеуметтік маңызды азық-түліктің бағасын ұстап қалу үшін шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз орталығы.

Облыс әкімінің орынбасары Шагурашид Мамалинов жедел және жүйелі сипаттағы шаралар қабылдау жоспарланғанын баяндады.
Аймақаралық кооперация аясында мамыр айының ортасында оңтүстіктен жаңа піскен көкөністерден алғашқы «жасыл керуендер» келеді деп күтілуде. Мамалиновтың айтуынша, апта сайын картоп, қырыққабат, сәбіз, қызылшамен 5 көліктен келеді. Жаңа піскен көкөністер негізінен әлеуметтік павильондар арасында үлестіріледі.

Ерлан Қошанов облыс орталығындағы және облыстағы басқа қалалардағы супермаркеттерде әлеуметтік қатарлар жасауды тапсырды. Бұл мәселе сауда бизнесінің иелерімен келісіліп жатыр. Мұндай жеке қатарлар сәуір айының соңына дейін пайда болуы керек.
Бұдан басқа, Қарағандыдағы 23 әлеуметтік павильон мен коммуналдық базар «Сарыарқа» ӘКК балансына өтеді. Алдағы уақытта әлеуметтік павильондар саны екі есеге артады.

Ауыл шаруашылық кооперацияны дамыту нарықта жергілікті жерде өсірілген көкөністер мен еттің сатылуына әкеп соғады. Отандық өнімдерді өткізу үшін Қарағандыда көтерме-тарату орталығын құру қарастырылған. Құрылысты биыл бастап, 2018 жылы бітіру көзделген.
Ерлан Қошановтың айтуынша, ол дүкендерді аралап, бағаларды көрген. «Қазір көрсетіп отырған бағаларыңыз – жер мен көктей. Өз-өзімізді алдаудың қажеті жоқ. Баяндамаңыз әдемі. Халық бәрін де көріп отыр. Нақты бағаны бақылап отыратын жұмыс тобы құрылды», — деп ескертті әкім.

Биліктің мәліметінше, облыста жергілікті тауар өндірушілер ұн, нан, картоп, қызылша, сиыр мен құс еті, сүт өнімдері және тауық жұмыртқасы бойынша қажеттілікті қамтамасыз етіп отыр. Өзімізде шығарылатын макарон өнімдері, сары май мен ірімшік, көкөністерден – қырыққабат, сәбіз бен пияз жетпейді.

Комментарии закрыты.