Тілге құрмет өзімізден басталады

Біздің елімізде мемлекеттік тіл саясаты терең тамыр жайған. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңында тілдердің құқықтық негізде жұмыс істеуі және оларды үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жұмыстары терең көрініс тапқан.

Мемлекеттік тілді үйрену – ол ұлттық қауіпсіздік мәселесін сақтауға, әлеуметтік тұрақтылық пен еліміздің азаматтарын біріктіруге бағытталған. Осыған байланысты, бұл жерде мемлекеттік тілге деген сұранысты бірінші кезекте қалыптастыру қажет, оны қолдануға деген қажеттілікті тудыруға және оны тартымды әрі беделді етуге тиіспіз. Мемлекеттік тілді сақтау және дамыту ол мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.

Адамзат дамуында, объективтік әлемде тіл ақпарат аспабы болып тағайындалып, өмірде әр түрлі мемлекеттік қызметтерді атқарады және іске асырады. Олар – заң қызметі, ғылым қызметі, білім қызметі, және ұлтаралық қызметтер.

Өз халқының тағдырына алаңдайтын әр адам интеграциялық процестердің қарқынды даму уақытында тіліміздің және ұлттық рәміздеріміздің сақталуы үшін бар күшін салуы керек. Қаншама қиындықтарды бастан өткізіп, тәуелсіздік алғаннан бастап жаңа мемлекет құрумен қатар, ана тілімізді өркендету – еліміздің дамуы мен гүлденуі үшін негізгі мақсат болып саналады.

Біз өз кезегімізде мемлекеттік тілдің әрі қарай дамуына үлкен көңіл бөліп, қызметкерлер арасында белсенді қолданысқа ие болуын қадағалаудамыз. Сонымен қатар, біздің елде тұратын барлық ұлт өкілдері үшін ана тілін дамыту, үйрену және ана тілінде еркін сөйлеу үшін қолайлы жағдайлар жасалуы керек.

Ж.Сейлова, ӘБ-ның бас маманы.

Комментарии закрыты.