Қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Өткен аптада Абай атындағы №4 мектеп-лицейде Сәтбаев қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің азаматтық қорғаныс майоры А.Тоқсейтов «Өрт қауіпсіздігі – өмір қажеттілігі» атты тақырыпта мектеп ұжымымен кездесу өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, өрттің алдын алу сияқты мәселелерді талқылау болды.

Жиында А.Тоқсейтов өрт сөндіру құралдарымен таныстыра отырып, оларды дұрыс пайдаланудың жолдарын тәжірибе жүзінде көрсетті. Сондай-ақ, өрттен қорғану, өрт қызметінің маңызы мен рөлі және өртке қарсы қолданылатын шаралар жайында ақпарат берді. Іс-шара барысында жиналғандар өрттен сақтанудың жолдары жайлы, өрт кезінде адам өзін-өзі қалай ұстау керектігі туралы бейнероликтер мен бейнефильмдер тамашалады.

Кездесу соңында мектеп ұжымы келген қонаққа өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, жан-жақты жауаптарын алды.

Комментарии закрыты.