Әкімге айтарыңыз болса…

Мен, Мұқышев Дүйсен,  Әлия Молдағұлова көшесінде 19 үйде тұрамын. Біздің көшемізде канализация ешқашан болған емес. Дәретханамыз далада. Бұрынғы әкімдердің кезінде де шығарып салумен жылдар өте берді. С.Медебаев әкім болып келгенде бір үміт жылт етіп еді, ол да сөнді.

Алғашқы жылы «келгенім кеше, анықтайын» деді. Келесі барғанда «2010 жылы жоспарда тұр, құбыр тартамыз» – деді. Ал, 2010 жылы қабылдағанда «құбыр да жоқ, қаражат та жоқ, болмайды» деді. Осы жылдар ішінде көше тұрғындары жиналып бірнеше рет бардық, нәтиже болмады. Сонда да үмітімізді үзбедік, әлі де үзбейміз.

Көше тұрғындары атынан Д.Мұқышев, III топ мүгедегі.

2010 жылы жергілікті бюджет есебінен құрылыстың жалпы сметалық құны 173 млн.теңге болатын «62 және 64 орамдарда және Наурыз көшесінде канализациялық құбырлар құрылысы» жобалық сметалық құжат өңделді.

Бұл жобаның іске асырылуы 2010 жылдың қараша айынан басталды, жалпы 2 кезеңнен тұрады. Құрылыстың бірінші кезеңіне жергілікті бюджет есебінен 34065 мың. теңге қаражат бөлініп, қаламыздың Горький, Жәлел, Первостроитель (Ерден көшесінен Бұлқышев көшесіне дейінгі бөлігі) және Бұлқышев көшелеріне құбыр тартылды.

2011 жылы жергілікті бюджеттен 29349,0 мың. теңге қаралып, осының негізінде биыл құрылыстың 1 кезеңін толығымен аяқтау жоспарлануда. Олар: Сәтбаев қаласының Байқоңыров, Молдағұлова, Иманов, Уәлиханов  (Ерден көшесінен Бұлқышев көшесіне дейінге бөлігі) және Бұлқышев көшесі.

Канализация құрылысының 2-ші кезеңінің орындалуы, оның ішінде Уәлиханов, Иманов көшелері. Молдағұлова, Байқоңыров көшелері (Наурыз көшесінен Ерден көшесіне дейінгі бөлігі) 2012 жылға жоспарланып отыр.

Комментарии закрыты.