Денсаулық күні өтті

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні. Осы айтулы күн кеншілер қаласында да жыл сайын айшықты шаралармен аталып өтуде. Биыл сәтбаевтықтар бұл күнді «Күйзеліс: кел әңгімелесейік» деген тақырыппен атап өтті.

Денсаулық күні жазғы эстрада сахнасында болған мәдени шарамен басталды. Оның шымылдығы Сәтбаев қалалық емханасының психологы А.Нұржанованың күйзеліс жағдайындағы жандарға психологиялық көмек көрсету жолдары жайлы әңгімесімен ашылды. Бұдан соң қала жастары денешынықтыру жасап, флешмоб биледі.
Ал, алаңның бір шетінде қалалық емхананың дәрігерлері тұрғындарға тегін медициналық қызмет көрсетіп, түрлі кеңестер берді. Мұнда жұртшылық қан қысымдарын өлшетіп, қан құрамындағы қантты анықтап, салмақтары мен бойларын өлшеді, айнаға түсті.
Денсаулық күні, сондай-ақ, Комаров көшесінде қала мектептерінің желаяқтары жарысып, бүлдіршіндер түрлі көңілді старттар ойнады.

Ізтай Белгібайұлы.

Комментарии закрыты.