Кітап көрмесі өтті

Елімізде 2007 жылдан бастап республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы Мәдениет министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапханасы және Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен өткізіліп келеді. Оның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар, жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау.

Аталмыш акция аясында балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залында «Ұмытылмас ұлы есім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге С.Торайғыровтың «Дүние дөңгелегі айналады», «Қа­мар сұлу», С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Мұқановтың «Адасқандар» шығармалары және «Жеті ғасыр жырлайды», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ поэзиясының антологиясы» секілді туындылар, сондай-ақ, «Аңыз адам» журналының мерзімді басылымдары қойылды.
Сұлтанмахмұт Торай­ғы­ровтың ғасырдан ғасырға оқырмандарын тауып, жал­ғасып келе жатқан өміршең шығармалары заманымызға келген үлкен сый, тамаша тарту. Қыршын кетсе де барлық саналы ғұмырын халқына арнаған ұлы тұлға. Біздің жастарымыз С.Торайғыровтың тәлімін, тағылымын оқып өссе, шын мәнінде отаншыл болып шығады деп сенеміз.

Ф.Дузбаева, библиограф.

Комментарии закрыты.