Бәйгенің алдын бермеді

Алматы қаласында наурыз айының 29-31 күндері «Күншуақ» қорының ұйымдас­тыруымен өнерлі балалардың «Рауан» фестиваль-байқауы өтті.

Аталмыш байқауда Сәтбаев қаласының намысын Оқушылар сарайының «Жас дәурен» үйірмесінің қос бірдей тәрбиеленушісі Аяулым Қайырбек пен Асыл Ерболатқызы қорғап, байқаудың І орын иегерлері атанды.
Мадияр Құлашевтан тәлім алып жүрген қос шәкірт бұл байқауда «Вокал» аталымы бойынша топ жарып, өздерінің өнерлерімен көпті тәнті етті.
Алатау бөктерін әнмен көмкерген жас әншілеріміздің жеңісті жолдары жалғасты болғай!

Бағдат Айтөреұлы.

Комментарии закрыты.