Жеңісті жолдың жалғасы

Қаламыздағы өнерлі балғындардың ордасы саналатын Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері соңғы уақытта облыстық, республикалық байқаулардан жүлдемен оралуда.

Жақында ғана Қарағанды қаласында өткен облыстық «Жұлдызды көктем» атты балалар және жасөспірімдер шығармашылық фестиваль-байқауына қатысқан бір топ сарай тәрбиеленушілері тағы да жеңістің туын желбіретіп қайтты.

«Домбыра» үйірмесінің тәрбиеленушісі Мұхат Еркебұлан бас жүлде жеңіп алса, Әбдіқадыр Әліби І орынға ие болды. Осы байқауда Хореография үйірмесінің «Шалқыма» ансамблі сахнаға алғаш рет шықса да І орынға ие болды. Сонымен қатар, осы үйірменің тәрбиеленушісі Сәрсенбек Гүлназ жеке қазақша бағыттағы «Тұтқын» биін билеп, І орынды қанжығаласа, Жұмаш Ақниет пен Өмірәлі Жасмин дуэт болып «Хорезм» биімен қазылар алқасының ықыласына бөленіп, І орынға ие болды.

Лаура Мұратбекқызы, «Жас тілші» үйірмесінің тәрбиеленушісі.

Комментарии закрыты.