Терроризмге жәрдем көрсеткен 3 тұлғаға қатысты үкім шықты

Құқық қорғау органдары қолданған шаралардың нәтижесінде Сәтбаев қаласының соты әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттаған және терроризмге жәрдемдескен 3 тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартты.

Мысалы, Сәтбаев қаласының тұрғыны Сирияда «ДАИШ» террористік ұйымының қатарына қосылған азаматқа телефон арқылы заңсыз әрекеттер жасау үшін ақпараттық қызмет көрсеткен.
Сәтбаев қалалық сотының 23.11.2016 ж. үкімімен осы азамат терроризмге жәрдемдескені үшін (ҚР ҚК 258 б. 1 б.) 3 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылған.
2016 ж. желтоқсан айында азамат Б. «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы терроризмді насихаттап, ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған (ҚР ҚК 174 б. 1 б., 256 б. 2 б.). Атап айтқанда, аталған желіде азамат Б. діни-экстремистік сипаттағы бейнероликтерді таратқан.
13.09.2016 ж. Сәтбаев қалалық сотының үкімімен азамат Ж. «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы терроризмді насихаттап, «қарулы джихад» идеяларын таратқаны үшін 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.
Сәтбаев қаласының құқық қорғау және арнайы органдары экстремизмге қарсы іс-қимыл саласында белсенді жұмыстар атқаруда және бұл жұмыстардың басты негіздері мен ұстанымдары Қазақстанда қандай да болсын нысандағы экстремизм көріністеріне жол бермеу, экстремизмді жүзеге асыру жағдайлары мен мүмкіндіктерінің алдын алу, сонымен қатар, азаматтарда саяси және құқықтық мәдениет қалыптастыру болып табылады.

Жанқозы Нақышев, Сәтбаев қаласының прокуроры.

Комментарии закрыты.