Жаңа фильм Жезқазғанда дүниеге келді

Қазақтың кино өнері «Наз» деп аталатын жаңа фильммен толықты. Психологиялық тұрғыда түсірілген бұл жаңа туындының авторы жезқазғандық жазушы-драматург, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Кенжебай Ахметов.

Өткен ғасырдың елуінші жылы мен бүгінге дейінгі аралықты қамтыған «Наз» фильмінің оқиғасы Асанбек деген азаматтың төңірегінде өрбіген. Шытырман деп айтуға келмегенімен, өзіндік тартыс-таластарға толы.
Орайы келгенде айта кетейік, «Наз» фильміне С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалы-драма театрының бірқатар белді әртістері мен Жезқазған қаласының, Жаңаарқа ауданының қарапайым тұрғындары түскен. Фильм оқиғаларының біраз бөлігі Қарағаш орманы мен Иманақ тауының баурайында, Алғабас ауылы мен Жезді кентінде түсірілген. Аталмыш фильм үстіміздегі жылдың жазында өз көрермендеріне жол тартады деп күтілуде.

Комментарии закрыты.