Аумақтық кеңестер арқалар жүк ауқымды

Еліміздің өзге да аймақтарындағы секілді Сәтбаев қаласында да өткен жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесі құрылып, өз жұмысын бастады. Ал, бұл қандай кеңес, ол немен айналысады?..

Қала әкімінің баспасөз орталығынан келіп түскен ақпаратқа қарағанда, жаңадан құрылған кеңес қала әкімдігі жанындағы кеңес беретін орган болып табылады. Олардың құзыретіне құқықбұзушылықтардың алдын алу және аумақтық мәндегі мәселелерді шешу, сонымен қатар, азаматтармен жұмыста өкілдік және атқарушы органдармен көмек көрсету бойынша азаматтардың құқықтарын жүзеге асыруға ықпал ету кіреді. Кеңестер кеңес шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, санитарлық ахуал және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша азаматтардың пікірін зерттеу, талдау және ескеруі тиіс.

Міне, қысқаша қайырар болсақ кеңестің құзыры осындай, арқалар жүгі ауқымды. Оны жүзеге асыру үшін қалалық мәслихаттың сессиясында депутаттар типтік жағдай негізінде жасалған қаланы жергілікті өзін-өзі басқару аумақтық кеңестері туралы ережені, сонымен қатар, алты кеңестің шекаралары мен олардың қызметтік құрамын бекітті.

Кеңес құрамына қала әкімінің ұсынысымен қалалық мәслихат депутаттары, аталған кеңестің аумағында орналасқан білім, мәдениет ұйымдарының басшылары, қаланың қоғамдық ұйымдарының өкілдері, қала азаматтары мен учаскелік полиция инспекторлары кірді.
Аталған кеңестер жұмысының басталуымен қалалықтардың өз шағын ауданының аумағында жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуына қатысу үшін қосымша мүмкіндіктері пайда болмақ.

Құрылған күннен бастап аумақтық кеңестер өз міндеттеріне бел шеше кірісіп кетті. Өздеріне бекітілген аумақтардың тұрғындарымен кездесіп, оларды толғандырған, шешімін күткен мәселелерді қалалық әкімдікке жеткізіп, олардың оң шешім табуларына ықпал етуде. Осы мақсатта қалалық әкімдікте аумақтық кеңестердің отырыстары өткізіліп, кеңес төрағаларының есептері тыңдалды.

Үстіміздегі жылдың алғашқы айларының өзінде аумақтық кеңес мүшелерінің қатысуымен ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен, өткен аптада қала әкімдігінде қалалық қоғамдық кеңестің мұрындық болуымен балалардың ойын алаңдарының ахуалына қатысты қоғамдық тыңдау өткізді. Осыған орай аумақтық кеңестер қаламыздағы балалардың ойын алаңдары мен футбол, хоккей корттарын аралап, олардың жай-күйімен танысып, қалалық қоғамдық кеңеске олардың қазіргі ахуалы жайында ақпараттар берді.

Бір бұл ғана емес, аумақтық кеңестер өздеріне қарасты үйлердің тұрғындарымен кездесіп, олардың коммуналдық шаруашылық, санитарлық ахуал және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері жөнінде пікірін зерттеп, талдауда.

Орайы келгенде айта кетейік, Сәтбаев қаласында жергілікті өзін-өзі басқарудың 6 аумақтың кеңесі жұмыс істейді. №1 аумақтық кеңестің құрамына Абай көшесі (тақ жағы), Ерден көшесі 203-233үйлер, Әбдіров – Сарыарқа – Дүрментаев көшелері мен – Қ.Сәтбаев даңғылы 144-158 үйлер кіреді. №2 аумақтық кеңесіне Абай көшесі 2-26 үйлері, Қ.Сәтбаев даңғылы 105-125, Тәуелсіздік даңғылы 1-23 және Ұлытау көшесі 84-106 үйлер жатады. Келесі №3 аумақтық кеңесі Қ.Сәтбаев даңғылы 88-108, Құсайынов – Ерден көшесі 137-197 – Абай көшесі 42-74 үйлерін қамтиды. №4 аумақтық кеңесінің шекарасы Тәуелсіздік даңғылы 4-24 үйлерінен бастап Қ.Сәтбаев даңғылы 3-101, Қалмағамбет көшесі мен Ұлытау көшесі 2-82 үйлеріне дейін жалғасады. №5 аумақтық кеңесіне Қ.Сәтбаев даңғылы 24-80 үйлері, Құсайынов көшесі 36-62, Майлин, Молдағұлова, Бокин, Асатов көшелері, ал соңғы №6 аумақтық кеңесінің шекарасына Қ.Сәтбаев даңғылы 4-22 үйлері және Асатов, Мұқанов, Бұлқышев көшелері жатады.

Ізтай Белгібайұлы.

Комментарии закрыты.