ҮМІТКЕРЛЕР ҮКІЛЕНДІ

«Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметі 27 ақпан мен 10 наурыз аралығында өткен тестілеу қортындысында «Project Management Professional» сертификаты бойынша оқуға үміткерлер анықталғанын хабарлады.

Олар алтау: жобаларды басқару орталығының жетекші маманы Эдуард Викторович Бейдер, сапаны бақылау және технологиялық үдерісті инспекциялау департаменті «Таразы жабдығын жаңғырту» жобасының жетекшісі Алексей Владимирович Ганюшкин, «Қазақмыс – IT-Автоматика» ӨК жүйелік біріктіру басқармасы автоматтандыру, байланыс және ақпараттық технологияны дамыту бөлімінің жетекші маманы Василий Петрович Чапайкин, «Жезқазғантүстімет» ӨБ кен өндірісі кешені «Тотыққан кенді өңдеу» жобасы жетекшісінің міндетін атқарушы Тимур Нұрланұлы Дәрібаев, қауіпсіздік департаменті «Қазақмыс тобының мүлкі мен өнімін қорғау жүйесін жетілдіру» жобалау тобының сарапшысы Эльдар Еркінұлы Елібаев, техногендік шикізатты кешенді өңдеу басқармасы «Гидрометаллургиялық үдеріс» жобасының жетекшісі Александр Александрович Шахалов.

Оқыту мамырдың екінші жартысында ұйымдастырылады, күрделендірілген оқудың нәтижесі бойынша маусымның алғашқы жартысында өтетін тағы бір тестілеумен аяқталады. Қортындысында корпорацияның «алтын резервіне» айналатын үш жеңімпаз анықталады. «Жоба басқаратын кәсіпқой» («Project Management Professional», «PMP») — әлем мойындаған маңызды сертификат. «PMP» иесі жоба басқару саласындағы сертификатталған мамандардың ең ірі және беделді қауымдастығына мүше болады және әлемнің кезкелген түкпірінде кезкелген жобаға же текшілік жасауға мүмкіндік алады.

Әлібек ӘБДІРАШ.

Комментарии закрыты.