Әкімге айтарыңыз болса…

Құрметті Советбек Тұрсынұлы! Біз отбасымызбен 2007 жылы 10 қыркүйекте Түркмениядан Сәтбаевқа көшіп келген едік.

2008 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы азаматтығын алу үшін миграциялық полицияға өтініш бердік. Жауап болмаған соң «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалына шағындық. Қала прокуроры Берік Ахметовпен кездестік. 4 жыл болды, бәрінен де нәтиже шықпады. 4 баламыз бар, қазір 1 бөлмелі пәтер жалдап тұрып жатырмыз. ҚР азаматтығы жоқтығы көп істерімізге кедергі болып тұр.

Көмектессеңіз екен.

Шыналиевтер отбасы.

Сіздің Сәтбаев қалалық «Шарайна» газетінің «Әкімге айтарыңыз болса…» айдарына жолдаған хатыңыз қала әкімшілігі мен қалалық ішкі істер бөлімінің көші-қон тобымен бірлесе қаралып, келесі шешім қабылданды: Сіздің 2010 жылдың желтоқсан айында қалалық ішкі істер басқармасының көші-қон тобына Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін тапсырған құжаттарыңыз 2010 жылдың 24 желтоқсан күні №1187 шығыспен Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің көш-қон полиция басқармасына жіберілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылдың маусым айында шығарылатын жаңа жарлығынан кейін құжаттарыңыз дайындалады және Сізге тапсырылады.

Комментарии закрыты.