Сыбайластыққа жол жоқ

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтқан болатын.

Осыған байланысты, №15 жалпы орта білім беретін мектепте 9-11 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – білімді, отансүйгіш  азаматтарды тәрбиелеу. Кездесу барысында оқушылар өз тараптарынан сыбайлас жемқорлыққа байланысты көптеген өзекті сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптарын алды.
Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күресу – жеке адамдардың немесе жекелеген топтың ғана емес, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осыны шынайы орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан-дүниесін ұдайы таза, адал ұстауы тиіс. Сондықтан, осындай кездесулерді білім орындарында  өткізіп отыру – бүгінгі таңда кезек күттірмейтін өзекті мәселе.

Қ.Есмағанбетова, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Комментарии закрыты.