Болашағымыз – қазақ тілінде

Қазақстан Тәуелсіздігін алғалы бері тіл мәселесі көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады.

Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің елімізде кеңінен қолданылуына қазақ азаматтарының қоғамдық көпшілік және қызмет орындарында бір-бірімен орысша сөйлесуді күнделікті әдетке айналдыруы, мемлекеттік басқару орындарында қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің өздерінің ана тілін нашар білуі немесе мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік тілді еркін меңгерген мамандардың аз болуы сияқты себептер кедергі келтіруде.

Егер «Қазақстан Республикасының Тілдер туралы» Заңының 9-бабы талабына сай, мемлекеттік басқару органдарындағы барлық бұйрық пен нұсқаулар, басқа да актілер мемлекеттік тілде дайындалып, көпшілік назарына жеткізілсе, соның өзі мемлекеттік тілдің мәртебесінің көтерілуіне орасан зор септігін тигізеді. Сондықтан, мемлекеттік тілдің тек іс қағаздарды жүргізу саласында ғана емес, мемлекеттік органдар актілерін әзірлеу мен қабылдау саласында да кеңінен қолданылуына назар аударған жөн.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Сондықтан, Сәтбаев қаласы Әділет барқармасы мемлекеттік тілдің әрі қарай дамуына үлкен көңіл бөліп, қызметкерлер арасында белсенді қолданысқа ие болуын қадағалауда.

К.Агибаев, Әділет басқармасының басшысы.

Комментарии закрыты.