Қасым мен Ерденді жырлаған

Қасым мен Ерденді жырлаған жазба ақындардың мүшайрасы Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі VІІІ-ші «Саған арнаймын, әсем қалам» фестивалінің аясында жазба ақындар арасында қалалық мүшайра өткізді. Мүшайра мақсаты – жазба ақындық өнерді дамыту, жаңа есімдерді ашу, олардың шығармашылығын қолдау, жастарды отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу болды. Ақындарға екі тақырып ұсынылды. Біріншісі – «Дүниеге келер әлі талай Қасым…». Ақиық ақын қасым Аманжоловқа арналса, екіншісі – аға сұлтан Ерденге арналған шығармалар. Мүшайраға әр жастағы барлығы 20 жазба ақындар қатысты. Іріктеліп алынған шығармалар қазылар алқасының отырысында талқыланып, жеңімпаздар 30 қазанда Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында өткен ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындаушылар байқауында жарияланды. Мүшайра қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынды Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, қалалық «Шарайна» газетінің тілшісі Мәди Әлжаппаров, екінші орынды С.Сейфуллин атындағы гимназияның оқушысы Абай Ораз иеленді. Ал, бірінші орынға қазылар алқасы «Қазақмыс» корпоарциясы №3 байыту фабрикасының жұмыскері Шаһар-Ғали Байқасов лайықты деп шешті. Жеңімпаздарды қала әкімінің орынбасары М.С.Мәдиева қала әкімінң Дипломы мен бағалы сыйлықтармен марапаттады. Мүшайраға қатысқан басқа да жазба ақындар ынталандыру сыйлықтарымен аталып өтелді.

Комментарии закрыты.