ЖҰМЫССЫЗДЫҚ және ЖАЛАҚЫ

Депутат қабылдауында осы екі мәселе жиі қозғалатын көрінеді. Соның кейбір себебіне қалалық жылумен-сумен жабдықтау кәсіпорнының директоры Еркін Жұмабековпен кездесу кезінде көз жеткізгендей болдым. Бұйымтаймен келгенді қабылдар алдында оған бірер сауал қоюдың сәті түсті.

— Ереке, облыстық мәслихатқа депутат болғалы қанша қабылдау жасадыңыз?

— Депутат ретінде — 8. Оның үстіне өзім басқаратын кәсіпорында сәрсенбі сайын жеке шаруамен адам қабылдайтыным тағы бар. Шынтуайтына келгенде, мен сол қабылдауды «депутаттық» немесе басқалай деп бөлген емеспін. Шама келгенше мұң-мұқтажын айтқан адамның шаруасын тындыруға тырысамын. Құрығанда ақыл-кеңес беріп, жөн-жоба сілтеймін.

— Келуші көп пе?

— Әрқалай! Кейде түстен кейін басталған қабылдаудың қас қарайғанша созылатыны бар. Орта есеппен алғанда, ұзын-ырғасы жүзге жуықтап қалады.

— Сонда көп мазалайтын мәселе не?

— Жұмыссыздық!

— Сонда жұмыс жоқ па, әлде басқадай себебі бар ма?

— Себебі сан алуан. Бүгін соның бірқатарын білуіңе мүмкіндік туып қалар…

Бұл жолы қабылдауға екі жігіт жазылған екен. Жұмыссыз жүргенін «жарнамалағандай» атын атап, түрін түстемей- ақ қояйын, өйткені, мәселе онда емес. Есесіне екеуі де соқталдай, «тепсе, темір үзетіндей» жаста.

Біреуінің мамандығы — электрослесарь. Жалақысына көңілі толмай энергетикалық жабдықтарға сервистік қызмет көрсету басқармасынан өзі кеткен. Төрт жылдан бері көлденең табыспен күнін көріп, бала-шағасын асырап жүр.

Екіншісі — ағаш шебері. Кесімді жалақымен үш жылдай ғана жұмыс істеген. Айтуына қарағанда, қолынан келмейтіні жоқ, елдің пәтерін жөндеп-ақ отбасын асырап отыр. Оның да құрылыстан кетуіне себеп — жарытымсыз жалақы. «Ондай жалақыны бір аптада табамын» деп қояды.

Ерекең екеуіне де едәуір ақыл айтты. Екеуінің де меңгергені күреп ақша табатындай мамандық емес. Енде- ше қосымша жұмыс істеу жағын қарастыру керек. Егер оған «мақұл» десе, екеуінің де жұмысқа орналасуына көмектесуге уәде берді.

Сырттай бақылап отырғанда айтылған әңгімеден аңғарғаным — жұмыс жоқ емес, бар. Ал, қазір жалғыз жалақыға қарап отырған адам сирек. Қосымша та- быс көзін табу — әркімнің жеке шаруасы.

Әлібек ӘБДІРАШ. Суретті түсірген автор.

Комментарии закрыты.