ӘР ІСТЕ – АДАМ ТАҒДЫРЫ

Сәтбаев қалалық сотының биыл алғашқы тоқсанда атқарған жұмысы жөнінде жергілікті журналистерге судья Жақсыбек Сқақов (суретте) әңгімелеп берді.

Өткен жылдан қалған 304 азаматтық іске биыл алғашқы тоқсанда жаңадан 875 талапарыз қосылды. 380 іс қозғалып, сот өндірісіндегі ұзын-ырғасы 878-ге жетті. 384 азаматтық іске шешім шығарылып, оның 358-і қанағаттандырылды. 12 іс қысқартылып, 60-ы қараусыз қалдырылды, 9 өтініш қайтарылды. 3 шешім өзгертіліп, 5 шешім бұзылды. Тоқсан аяғында тиянақталмаған азаматтық іс — 221.

Былтырдан биылға қаралмаған қылмыстық іс қалмапты. Есепті кезеңде 88 адамға қатысты түскен 77 істің 70 адамға қатысты 64-і аяқталыпты. 39 іс бойынша 44 адамға үкім шығарылып, 20 іс қысқартылған. Іздестіру шарасына байланысты 5 іс прокурорға қайтарылған. Ішінара айыптаумен ақталған — 2 адам. Төрт үкімге қатысты түскен апелляциялық шағымды қарау қортындысында екеуі өзгеріссіз қалдырылып, біреуі өзгертілген, біреуінің күші жойылған.

Биыл бірінші тоқсанда былтырдан қалған 3 әкімшілік іске 243-і қосылды. Оның 229-ы қаралып, 221-іне әкімшілік жаза тағайындалды, 3-еуі қайтарылды, қалғаны келесі тоқсанға көшті. 16 іс қысқартылды. Есепті кезеңде облыстық соттың апелляциялық сот алқасына түскен 9 шағымның 7-еуі қанағаттандырылмады, екеуі кері қайтарылып, қысқартылды.

Әлібек ӘБДІРАШ. Суретті түсірген автор.

Комментарии закрыты.