Мерекелеріңіз – Баспасөз, телевидение және радио күнімен құттықтаймыз!

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері! Сіздерді шын жүректен төл мерекелеріңіз – Баспасөз, телевидение және радио күнімен құттықтаймыз!

Бүгінгі күні ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына аяқ басқан шақта Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде  алуан түрлі бұқаралық ақпарат құралдарының табысты қызмет атқарып,  қоғамымызда демократия құндылықтарының қарқынды дамуына зор үлес қосып жатқандарын қуанышпен атап өткіміз келеді.  Заманауи газет-журналдар, радио, телеарналар, интернет жүйесі – бұлар тек жаңалықтар көзі ғана емес, олар белсенді пікірталас алаңдары, халық ойы мен көзқарастарының жаршысы, еліміздегі ұзақмерзімді әлеуметтік  және экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету көзі болып табылады.

Біз Сіздерге – журналистерге, операторларға, сондай-ақ барша ақпараттық қызмет көрсету саласының қызметкерлеріне ортақ жетістіктерімізді паш ететін  және әділ сынды материалдар үшін алғысымызды білдіреміз. Себебі, олардың бізге, яғни атқарушы билік өкілдеріне аймақтағы өзекті мәселелерді тиімді шешуде берер көмегі зор және  сіздермен екіжақты байланысымыздың нығая түсетіндігіне кәміл сенімдіміз.

Айтулы мереке қарсаңында баршаңызға денсаулық, отбастарыңызға бақ-береке, кәсіптеріңізге өрлеу, шығармашылықтарыңызға сәттілік, ортақ Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстанның  гүлденуі жолындағы игі істеріңізге  табыс тілейміз!

Құрметпен, Сәтбаев қаласы әкімінің м.а. А.А.Ким, Қалалық мәслихаттың хатшысы  С.С.Имамбай.

Комментарии закрыты.