Ақынды еске алу

Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, кенші, ақын, термеші, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы Шынболат Ділдебаевтың туғанына 80 жыл толуына орай, орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұжымының ұйымдастыруымен «Арқаның арқалы ақтаңгері» атты еске алу кеші өткізілді.

Кешке ақынның досы Көшен Исаев пен жыршы-термеші Мұханбет Қожахметов қатысып, естелік әңгімелерін айтып, бірнеше жыр-термелерін орындап берді. Іс-шараға қатысқан №7 орта мектептің оқушылары ақынның бірнеше өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Шынболат ағаның жыр-термелерін насихаттау барысында жас термеші, №1 мектеп-гимназиясының оқушысы Ешмұхан Ерсұлтан «Шындық» және «Төртіншім» атты термелерді орындап, оқушылар мен қонақтардың зор қошеметіне бөленді. Сонымен қатар, кеште Шынболат Ділдебаев жайлы бейнеслайд көрсетіліп, өмірінен қысқаша мағлұмат берілді.

Кеш соңында «Шындықты жырлаған ақын» кітап көрмесіне шолу жасалды. Шынболат Ділдебаев өзі жырлағандай, «Сырда туып, қырда өскен» тұлғалы азамат. Оның Арқаның әншілік, жыраулық дәстүрін жалғастырудағы еңбегіне қандай құрмет көрсетілсе де артық емес. Қанша жыл өтсе де халқы Шынболатты ұмытпайды.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.