«Ардагерлерді ардақтайық!»

Осындай тақырыппен өткізілген республикалық акция аясында №15 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагері Тоғайбай Дауылбаевтың үйіне барып, Жеңістің 72 жылдығымен құттықтады.

Мектептің аға тәлімгері Ж.Семелтирова мен «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері ардагер атаға сұрақтарын қойып, сұрапыл соғыста ақсақалдың бастан өткізген өмірі жайлы айтып берулерін өтінді. Өз тарапынан Тоғайбай ата оқушыларға өмірбаянын баяндап, соғыс жылдарындағы бастан кешкен оқиғаларын айтты.
Тоғайбай Дауылбаев 1923 жылы Ұлытау ауданы, Айыртау ауылында дүниеге келді. 17 жасында әскерге алынып, соғысқа аттанды. Украин жерінде Отан үшін күресіп, соғыс аяқталған соң аман-есен елге оралды. 1949 жылы шаңырақ көтерді. Ұлытау ауданында көп жылдар бойы мал дәрігері болып қызмет атқарып, сол жерден зейнетке шықты. Бүгінгі таңда Тоғайбай ата 11 немере, 25 шөбере, 1 шөпшек сүйіп отыр.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.