Көкейінде көрікті ойды толғаған…

Кеше Шынболат Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында Сырда туып, қырда өскен, бүкіл саналы ғұмыры Жезқазған-Ұлытау өңірімен, соның ішінде Қаныш атындағы қаламен тікелей байланысты болған ақын, кенші, жыршы-термеші Шынболат Ділдебаевтың «Шындық» атты жырлар жинағының тұсаукесері болып өтті.

«Біз Біржан сал, Ақан сері, Мәди, Үкілі Ыбырай, арынды Әсеттердің замандасы болғанымыз жоқ. Өмірі ғажайып сұлу өткен ақын-жырау, сал-серілерді көзімізбен көргеніміз жоқ. Алайда, тамыры тартылмаған аға буынның бізге жеткен жалғасын байқадық, қарқыны бәсеңдемеген тұлпарлардың тұяғын көрдік. Меніңше, ол ықылым заманның ізін бізге жеткізген нақ осы Шынболат Ділдебаев», деп жазған екен «Шындық» кітабының алғы сөзінде ақын, Қазақстан Жазушылары Одағы Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай. Міне, сол асылдардың сынығы, жақсылардың сарқыты болған Шынболатпен көзі тірісінде бір қалада тұру бақыты бізге бұйырыпты. Сондықтан, оның 80 жылдық мерейтойы елдік деңгейде өтуі тиіс те. Ал, оған қала әкімі Асқар Ыдырысов мұрындық болды. Кітаптың тұсаукесеріне әрісі Астана мен Сыр елінен қадірлі меймандар келіп қатысты.

(Тұсаукесер салтанатының толық нұсқасы газетіміздің алдағы санында жарияланатын болады).

Комментарии закрыты.