«Өнерлі балдәурен»

Өнерге, шығармашылыққа бейім жас өренді шыңдап, білім мен тәрбиеге қатар баулыйтын Оқушылар сарайында осындай тақырыппен мерекелік іс-шара өтті. Мақсат – 2016-2017 жылғы оқу жылдарында сарайдың жеткен жетістіктерін, озат та үлгілі, шығармашыл шәкірттерін жұртшылыққа таныту. Бұл игі дәстүр білім ошағында жыл сайын өткізіліп келеді.

Сарайдағы әртүрлі үйірме жетекшілері мен тәрбиеленушілері биыл да көп жетістікке қол жеткізді. Осының барлығы шығармашылық кеш барысында тілге тиек етіліп, балғындар биден, әннен, күйден, сән үлгілері мен театрландырылған қойылымдардан өнерлерін паш етті.
Жыл бойына жетістіктерімен қуантқан озат шәкірттердің есімдері жеке дара аталды. Республикалық, облыстық, аймақтық шығармашылық байқауларда топ жарқан олар бағындырар белес әлі алда.
Есеп беру шығармашылық кеші Оқушылар сарайының әнұранымен түйінделді.

Аружан Әбдуәли, «Жас тілші» үйірмесінің тәрбиеленушісі.

Комментарии закрыты.