Жұлдыздар жарқырады

Астана қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясованың «Майра» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен республикалық балалар шығармашылығының «Астана жұлдыздары» байқауы өтті.

Аталмыш байқауға қаламыздан Оқушылар сарайының «Жас тілші» үйірмесінен Сәбина Лесова мен Фариза Бектұрова қатысып, көркем сөз аталымы бойынша екі жүзге тарта қатысушының арасынан суырылып алға шықты.

Жас дарындарды даралап, олардың шығармашылығын шыңдау ниетінде ұйымдастырылған байқауда үйірме тәрбиеленушілері: Абай атындағы №4 мектеп-лицейдің оқушысы С.Лесова жүлделі І орынды еншілесе, С.Сейфуллин атындағы гимназияның оқушысы Ф.Бектұрова ІІ орынға лайық деп танылды.

Алуа Ахметова, «Жас тілші» үйірмесінің тәрбиеленушісі.

Комментарии закрыты.