Ағымдағы мәселелер қаралды

Өткен аптада  әкімдікте қала әкімінің міндетін атқарушы А.Кимнің төрағалығымен әкімдіктің отырысы өтіп, онда 19 сұрақ қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші және екінші  сұрақтар – ғимаратқа қосымша құрылыс салу үшін жер телімін пайдалануға рұқсат беру туралы, пәтерді интернет-кафеге қайта жабдықтауға рұқсат беру туралы –  қалалық құрылыс және сәулет бөлімінің сектор меңгерушісі Т.Айтжанов қаулы жобасын ұсынды.

Келесі 6 сұрақ бойынша: жер телімдеріне уақытша өтеулі жерді пайдалану және жекеменшік құқықтарын беру туралы, жер телімдеріне құқық беруден бас тарту, 2011 жылғы 9 ақпандағы №03-/05 «Жер телімдеріне уақытша өтеулі жерді пайдалану құқықтарын беру туралы» Сәтбаев қаласы әкімдігінің қаулысына толықтыру енгізу, 2008 жылғы 30 мамырдағы №12-172/5 «Жер телімдеріне уақытша өтеулі жерді пайдалану құқықтарын беру туралы» Сәтбаев қаласы әкімдігінің қаулысын жою, жер телімінің нысаналы мақсатының өзгеруі туралы жер қатынастары бөлімінің бас маманы Д.Мейрбек баяндады.

Қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ғ.Иманбаева 2011 жылғы жазғы маусымда балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөнінде ақпарат жеткізсе, осы бөлімнің бас маманы Р.Бапанова 2009 жылғы 14-ші шілдедегі Сәтбаев қаласы әкімдігінің №17/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы, «Жалпы орта білім алу сауалы туралы», кәмелеттік жасқа толмаған екі балаға патронаж үлгісіндегі қамқоршы тағайындау туралы, бес балаға қамқоршы тағайындау жөнінде қаулы жобасын ұсынды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы С.Тезекпаева  соңғы екі мәселе – қорғаншы тағайындау жөнінде баяндады.

Күн тәртібінде қаралған мәселелердің барлығы да тыңдалып, тиісті шешімдер шығарылды.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.