Ансамбльдер шеруі

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай кеше республикамызда тұңғыш рет балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өткізілді. Оның мақсаты «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру жағдайында эстетикалық және патриоттық тәрбие факторы ретінде студенттер мен оқушылардың шеруін қолдау және дамыту болды.Бұл шара алғаш рет өткізіліп отырғандықтан, республиканың мәдени өмірінде бірегей оқиға болды. Шеру 1 маусым күні бір уақытта, яғни таңертеңгі сағат 11-де Астана мен Алматы қалаларынан бастау алып, Елорда көшелері арқылы барабаншылар отряды, үрмелі оркестрлер мен ансамбльдер, әскери киім киген қолдаушы топ, қала жастары және балалардан құралған хор және би ұжымдары жүріп өтті.
Аталмыш шеру еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктірген кең көлемді республикалық акция ретінде өткізілді. Сондықтан, оған Сәтбаев қаласының білім беру ұйымдары да белсенді қатысты. С.Сейфуллин атындағы гимназия осы мерекеде өнерлі оқушыларының шығармашылық жұмыстарын қала жұртшылығына танытты. Шеруге 4 сыныптың оқушылары жаздық спорттық киіммен, әр түсті жалаушалармен, «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбындағы музыкалық-спорттық жаттығуларын жасап, 3 сыныптың хореография үйірмесінің оқушылары «Буратино» биімен шеңбер ішінде өнер көрсетті.
Балаларды еліміздің патриоты, елін сүйген азамат етіп тәрбиелеуде мұндай іс-шаралардың мәні зор.

Р.Естиярова,
бастауыш сынып мұғалімі.

Комментарии закрыты.