Денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық

Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын тиянақтап, алда атқарылар істердің ауқымын айқындаған болатын. Соның бірі – Қазақстан халқының санасын, дүниетанымын өзгерту арқылы олардың өмірін жақсарту, адамдардың өз өміріне деген жаңаша көзқарасын қалыптастыру.

Өмір сапасын күшейту – денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық. Осы бағытта алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту мен міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу күн тәртібіне қойылды. Қазір осы бағытта ауқымды жұмыстар қолға алынуда.
Біздерді, яғни, медицина саласының қызметкерлерін, Елбасының адами капиталға ерекше көңіл бөлетіні қуантады. Әрбір Жолдауында Мемлекет басшысы отандық медицинаның ең бір өзекті мәселелерін көтеріп, соны дамыту туралы ой қозғайтыны, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктейтіні рухтандырады. Бұл жолғы Жолдауда Президент алғашқы медициналық-санитарлық көмекті тиісті деңгейге көтеру қажеттігі туралы атап өтті.
Қазіргі таңда дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейлері көтеріліп, бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Алдағы уақытта бұл жұмысты барынша жандандыру қажеттігі жылдың бас құжатында баса айтылып отырғандығы қуантады. Өйткені, медициналық қызмет көрсету саласындағы бәсекелестікті дамыта отырып, дәрігер мен емдеу мекемесін таңдауды халықтың өз құзырына қалдыруды мақсат тұтқан Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі – еліміздің медициналық саласын жетілдіруге жол ашып отыр.
Мемлекет басшысының Жолдауында алға қойып отырған ұзақ мерзімді мақсаттар бірінші кезекте тұрғындар үшін қолайлы болары сөзсіз. Осы орайда, Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде халыққа көрсетіліп отырған көпсалалы медициналық қызмет туралы барлық аудандар мен шалғай ауылдық елді мекендерде түсіндіру-ақпараттық жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.
Елбасының міндетті медициналық сақтандыру туралы айтқан ойлары да өте орынды деп есептеймін. Бұл мемлекеттік деңгейде шешілуі тиіс үлкен мәселе. Ұлттың дені сау болса, мемлекет те табысты болады. Өйткені, халық­тың денсаулығы – еліміздің басты байлығы. Бүгінде аса жауапты бұл міндет ұлт болашағы үшін жасалып отырған мемлекеттік қолдаудың басты шартына айналып отыр. Осындай нәтижелі жұмыстардың барлығы Елбасы Жолдауында қойылған межелі міндеттерді жүзеге асыруға бағытталып отыр.
Біздің «Денсаулық» колледжінің қызметкерлері де алдағы уақытта еліміздің ұзақ мерзімді даму стратегиясын айқындаған Жолдауда белгіленген мақсаттарды орындауға бар күш-жігері мен кәсіби біліктілігін жұмсайды деген сенімдемін. Өйткені, бұл Жолдау – болашақтың Жолдауы!

Нелли Ким,
«Денсаулық» медициналық
колледжінің директоры.

Комментарии закрыты.