Сауаттылық семинары

Қазақстан ұлттық телерадиохабар таратушылар қауымдастығы Жезқазғандағы бизнес-орталықта жергілікті журналистер үшін өткізген семинар-тренинг «Журналистердің құқықтық сауаттылығы. БАҚ туралы заңнамадағы жаңалық» деп аталды.

Семинар-тренингте жетекші медиа-заңгер, Қазақстан ұлттық телерадиохабар таратушылар қауымдастығы БАҚ қолдау орталығының жетекшісі, Сорос-Қазақстан қоры «Үздік БАҚ қорғаушысы» сыйлығының лауреаты Сергей Власенко жиналған журналист қауымымен тәжірибе алмасты.
Басқосуда журналист қызметін үйлестіру заңнамасына кіріспе сөзбен шолу жасаған құрметті қонақ журналистің құқы мен міндеті, этикалық кодекс, журналисті аккредитациялау, ақпарат алу мен дұрыс сұрау салу, мемлекеттік құпия, авторлық құқық, журналист сотта, сотқа дейінгі талқылау, журналисті жауапкершіліктен босату тақырыбын қозғады. Сосын қозғалған тақырыпты талқылауға семинарға қатысушыларды кеңінен тартып, журналистік тәжірибеден келтірген мысал төңірегінде ой-пікірін ортаға салды.
Семинар-тренингке қатысушыларға сертификат тапсырды.

Әлібек ӘБДІРАШ.

Комментарии закрыты.