Байқаудың облыстық кезеңі өтеді

Қазақстанда «Мен – қазақпын» халықаралық музыкалық жоба басталды. Ол қазақ мәдениетін насихаттауға бағытталған. Сайысқа тек қазақтар ғана емес, Ресейден, ҚХР, Моңғолия мен Алтайдан қазақтілді музыканттар қатыса алады, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жобаны ұйымдастырушы – «Қазақстан» республикалық телерадиокомпаниясы. Қазылар құрамына танымал музыканттар мен орындаушылар енеді. Жобаға домбыра, қобыз және сырнай сияқты ұлттық аспаптарда ән айтатын 18-40 жас аралығындағы сайыскерлер қатыса алады. Қатысушылардың киім үлгісі де ұлттық нақышта болуы тиіс. Еліміздің әр аймағында терме мен күй орындаушылары арасында іріктеу кезеңдері өтеді. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанғандар республикалық тедевизиялық сайысқа жолдау алады.
Қарағандыда «Мен – қазақпын» жобасының іріктеу кезеңі 18 маусым күні сағат 11:00 Кеншілер мәдениет сарайында өтеді. Ол облыстық мәдениет басқармасы мен облыстық ұлттық шығармашылық және бос уақытты өткізудің ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен жүзеге асады. Аймақтық іріктеу кезеңінің соңында гала-концерт ұйымдастырылады.

Комментарии закрыты.