Медицина қызметкерлері марапатталды

Ұлытау ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шараға ауданның мекеме, бөлім басшылары және медицина саласының қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Онда бірқатар медицина мамандары өз еңбегінің әділ бағасын алды. Аудан әкімі Әнуар Омар өзінің өмірі мен қызметін адам денсаулығына арнаған ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, аудандық аурухананың мейірбикесі Айнұр Торғаеваны Ұлытау ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен, орталық аурухананың учаскелік мейірбикесі Фарида Амантаева мен орталық аурухананың рентген лаборанты Ерген Арманды аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Ұлытау аудандық орталық ауруханасының балалар дәрігері Марат Дүкембаев осындай салтанатты шара ұйымдастырған аудан әкімдігіне өз алғысын білдіріп, ауданда адал еңбек еткен бірқатар ардагерлерді еске алып өтті.

Комментарии закрыты.