Салық саласының саңлағы

Закила Бақтыбайқызы Тұрсұмбаеваның бүкіл еңбек жолы қаржы, салық саласымен тығыз байланысты болды. 20 жылдан астам осы салаларда қызмет атқарып, мол тәжірибе жинаған майталман маман Сәтбаев қаласының Салық басқармасында сыйлы адам. Салық қызметінің 20 жылдығы қарсаңында Закила Бақтыбайқызы осы саланың біздің қалада қалыптасу тарихын еске алып, өз әріптестерін кәсіби мерейтойымен құттықтауды жөн көрді:

– Мен Целиноградтағы қаржы-экономикалық техникумын бітіріп, «Мемлекеттік бюджет-қаржыгер» мамандығын алдым. Еңбек жолымды 1969 жылы Жезқазған қалалық қаржы бөлімінде мемлекеттік табыс  инспекторы қызметінен бастадым.  1974 жылдың маусым айынан бастап Никольский қалалық қаржы бөлімінде мемлекеттік табыс инспекторы қызметін атқардым, 1975 жылдың қаңтар айында осы салада мемлекеттік табыс бойынша есеп бөліміне ауыстырылдым,  онда 1990 жылға дейін  қызмет еттім.

Никольский қалалық Салық комитеті құрылғанда, мен салықсалу түсімдері (табыс) бөліміне бас салық инспекторы болып қабылданып, 1994 жылы есеп және санақ тобына бас салық инспекторы болып ауыстырылдым. Солай, 2007 жылға дейін салық түсімдері есебі мен ағымдағы сараптама бөлімінде бас салық инспекторы болып, бюджеттік және бюджеттік емес түсімдердің есеп бөлімінің инспекторы,  Жезқазған қалалық салық комитетінде бас салық инспекторы, Сәтбаев қалалық бөлімінде Жезқазған қалалық салық комитетінің жеке тұлғалардың құжаттарын қабылдау және өңдеу орталығында Сәтбаев қалалық салық комитетінің өндіріп алу бөлімінде салық инспекторы ретінде қызмет атқардым. 2007 жылдың сәуір айынан бастап жас шамасы бойынша зейнетке шығып, салық саласында қызметімді аяқтадым.

Қаржы және салық жүйесінде қызмет еткен мерзімде бірнеше басшылармен жұмыс жасадым, олар: Нұрманов Маратбек Біләлұлы, Есекенов Ерболат Әбдірайұлы, Шамбұлов Қадыр Тағамбайұлы.

Жұмыс барысында кез келген ұжымдармен де қызмет етуге тура келді, бірақ қызметтес болған барлық әріптестерім тек жақсы жақтарынан есімде қалды және де естеліктерді тек ұнамды жақтарынан еске аламын. Бүгінгі таңда салық саласында мемлекеттің игілігі үшін қызмет етіп келетін және де ҚР Қаржы министрлігі салық комитетінің мақтау қағаздарына ие болған келесі әріптестерімді атап кетсем, олар: Нұғыманов Абдулла Төленбекұлы, Баекенова Бибісара Назымбекқызы, Тұрымова Әнипа Қалмағанбетқызы, Наурызбаева Нүриля Ахмедьянқызы.

Мен өзім еңбек жолымды салық саласында бастап, сонда аяқтадым, сондықтан, мен салық саласының жұмысы жауапты және оңай жұмыс емес екенін түсінемін. Біздің тәуелсіз Қазақстанымыз жалпылама халыққа түсінікті салық саласының жоғарғы қарқынымен дамуда. Салық саласының тиімділігі  экономиканың дамуына әсер етеді, себебі бюджеттік-салық саясаты мемлекеттің бірден бір негізі болып табылады.  Бүгінгі таңда ішкі құрылым жұмыстары жақсартылған, жаңа  жүйелік технологиялар енгізілген, ол салық төлеушілер мен салық органдары арасындағы жұмысты оңайлатады.  Болашақта енгізілетін осындай өзгерістер мен жаңартулар, заңдылықтарға жасалатын толықтырулар мемлекет басшысының алға қойған көптеген жобаларын іске асырады деп ойлаймын.

Салық қызметінің  20 жылдық мерейтойы қарсаңында әріптестерімді, салық қызметі ардагерлерін, салық  жүйесіндегі  барлық азаматтарды төл мерекелерімен құттықтаймын.

Жас мемлекетке 20 жылдық мерейтой – үлкен мерзім, осы жылдарда Қазақстан экономика жағынан көптеген жетістіктерге жетті, әлемдік бірнеше жиындар өткізді. Халқымыз жетілген мемлекетте өмір сүріп және оның қамқорлығын сезінгісі келеді.  Бұл жетістіктерге жетуге салық қызметі өз үлесін қосып келеді, себебі  оның ең басты қызметі мемлекетті қаржы жағынан қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінде  салық саласы өздеріне жүктелген қызмет түрлерін толық және сапалы орындап келеді. Көрсетілген сандар жетегінде білікті мамандардың күнделікті ынта жігері, қыруар жұмысы жатыр.  Жас мамандарға өзім сияқты еңбек жолдарын салық қызметінде бастап, сонда аяқтауды тілеймін, салық қызметі ардагері атағын иелену бұйыртсын, қиындыққа қарамай, еңбек ете біліңдер дегім келеді. Әріптестеріме әділеттік жағынан жастарға үлгі болуын, мемлекеттік қызметкердің әдептілігін сақтауын, жемісті еңбек, денсаулық, отбастарында тыныштық пен береке тілеймін!

Дайындаған Мәди Әлжаппаров.

Комментарии закрыты.