Маңызды мәселе талқыланды

Аудан әкімінің орынбасары Мақсұт Оспанов «Қоскөлде» жиын өткізді. Оған аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Сағади Обайдуллин, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қарағанды облысы филиалының өкілі Ғалым Тұрсынбаев қатысты.

Жиналыста ауылшаруашылық кооператив құру, субсидия мен жеңілдетілген несие рәсімдеу тәртібі, лизингке техника алу және мал басын көбейту мәселесі қаралды. Ауданнан арнай келген қонақтар қаралған мәселеге қатысты жан-жақты әңгіме өрбітті. Қойылған сауалға жауап беріп, нақты мысал аясында түсіндірді.

Ауылшаруашылығы өнімін өткізуге жердің шалғайлығы, жолдың сапасыздығы кедергі келтіретіні айтылды. Әсіресе, сүт өндіру бағытындағы кооператив құру қиын екендігі сөз болды. Несие алу үшін ауылдағы баспананы бағалау жайы қызу пікірталас тудырды.
Жиналыстың негізгі мақсаты — мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдай мен жеңілдікті халыққа жеткізу, оны тиімді пайдаланып қалу. «Көз — қорқақ, қол — батыр» дегендей, ойланып отыра бермей, істі бірігіп бастап кетсе, келешекте жемісін жейтін күн келетіндігі анық. Бұл — бізге беріліп отырған үлкен мүмкіндік.

Нұржан Өкімбаев,
Қоскөл әкімі аппаратының бас маманы.

Комментарии закрыты.