Жартыжылдықты қорытындылады

Шілденің 8-і күні қалалық сотта 2011 жылдың  жартыжылдығында Сәтбаев қалалық сотында қаралған азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істердің қорытындысы жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Тоқсан сайын жоспарлы түрде өткізіліп тұратын бұл іс-шараға қалалық соттың төрағасы Р.Мұқатаев, судьялар А.Абдыкамалов, Г.Байгенжинова, Е.Куанышев және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

–    Сәтбаев қалалық сотының 2011 жылдың І жартыжылдығындағы қорытындысына келетін болсақ, сотқа барлығы 1119 талап-арыздар және шағымдар түскен, ал былтырғы жылдың осы мерзімінде түскен арыздар саны 1316 болатын. Қылмыстық істер бойынша, биылғы жылдың І жартыжылдығында сотқа барлығы 116 тұлғаға қатысты 97 іс түсті. Бұл көрсеткіш 2010 жылы 125-ті құраған болатын. Ал әкімшілік істерге тоқтала кететін болсақ, 2011 жылдың І жартыжылдығында сотқа 581 әкімшілік іс түскен, оның ішінде 6 әкімшілік іс қайта рәсімдеу үшін қайтарылды. Барлығы 453 әкімшілік іс қаралды. Ал, 2010 жылы сотқа 488 әкімшілік іс және мәжбүрлі түрде орындау туралы 571 материал түсті, оның ішінде 162 әкімшілік іс және 17 мәжбүрлі түрде орындату материалы қайта рәсімдеу үшін қайтарылған болатын.

– Жалпы мұндай конференцияларды ұйымдастырып, осы статистикалық көрсеткіштерді айтып отырған себебіміз – сот саласындағы атқарылып жатқан жұмыс жөнінде, оның сапасы туралы халыққа ашық түрде жеткізу. Негізінде, 2011 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша Сәтбаев қалалық соты Қарағанды облысындағы орташа құрамдағы сот жүйелері ішінде І орында келе жатыр. Енді, осы І жартыжылдықтың қорытындысында да алғашқы орында боламыз деген үміттеміз, – деді сот төрағасы Руслан Мұқатаев.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.