Жезқазғандықтар ЭКСПО-да

Жезқазған қаласы әкімдігі «ЭКСПО-ға жол» жобасы аясында жергілікті бюджеттен қаржы қарастырып, 100 тұрғынға «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалау үшін тегін жолдама әперді, деп хабарлайды Жезқазған қаласы әкімінің баспасөз орталығы.

Оған мысты өлкенің қарыштап дамуына үлес қосқан еңбек ардагерлері мен белсенді жастар иегер болды. Жезқазғандықтар бір күн бойы ЭКСПО кереметтерін тамашаласа, келер күні Ұлттық музейді аралайтын болады. Егде кісілердің денсаулығын бақылап отыру үшін арнайы медбике де қоса жіберілген.

Еңбек ардагерлері жергілікті биліктің мұндай қамқорлығы мен қолдауына дән риза екендіктерін жеткізсе, жастар жағы «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалап қана қоймай, тәжірибе алмасып, еліміздің түкпір-түкпірінен, алысты-жақынды шет елдерден ат арылтып жеткен жастармен таныс-біліс болып, қалаға жағымды жаңалық алып қайтатындарын айтуда.

Комментарии закрыты.