«Бесік арбалар» сайысы

Жастар ресурстық орталығы жанында қызмет ететін «Жас отау» жастар клубының ұйымдастыруымен қаламызда «Бесік арбалар» шеруі өтті.

Кеншілер алаңында өткізілген сайысқа барлығы сегіз отбасы қатысты. Шеру барысында отбасылар өз топтарын таныстырып, ұрандарын айтып, көрермендерге ерекше әсемделген бесік арбаларын бар сәнімен көрсетті. Сонымен қатар, «Сәтбаев жастары» волонтерлік желісі жиналған жанкүйерлерге отбасы құндылығы тақырыбындағы жаднамалар таратты.
Байқауға төрелік еткен әділ қазылар алқасы барлық қатысушыларға тиісті бағаларын берді. Біздің №7 орта мектептің атынан қатысқан Нұргүл Байпелова мен ұлы Данис Өмірзақ осы сайыста І орынды иеленеді.

Ә.Конаева,
сауықтыру алаңының басшысы.

Комментарии закрыты.