Жас кәсіпкердің тартуы

«VIP бильярд-бардың» ашылуына қала әкімі Бауыржан Шыңғысов, қалалық мәслихаттың хатшысы Серік Имамбай, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Аханов, «Қазақмыс» корпорациясы «Жезқазғантүстімет» ӨБ бас директоры Талғат Аханов және қала әкімінің орынбасарлары мен жеке кәсіпкерлер қатысты.

Нысанның ашылуында сөз алған Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Б.Аханов, Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.Мәдиева жас кәсіпкердің ісіне табыс тілеп, жиналғандарды Астана күнімен құттықтады.

Нысанның атқарушы директоры Лида Чудина игі іске қолдау көрсеткен қос қаланың әкімдігіне, «Қазақмыс» корпорациясының басшылығына алғысын жеткізді.

Одан кейін қала әкімі Б.Шыңғысов пен нысанның директоры Лида Чудина салтанатты түрде лента кесіп, нысанды ашты.

Келген қонақтар нысанның ішін аралап көрді. Демалып, көңіл көтеруге өте қолайлы бұл «VIP бильярд-бардың» екінші қабатта 3 бильярд бөлмесі, бірінші қабатта 45 адамға лайықталған бары келушілерге қызмет көрсетуге дайын.

– Мерейлі мерекеде тағы бір нысан іске қосылып, халықтың игілігі үшін қызмет етпек. Ендігі мақсат – қала басшыларының сенімін ақтап, халыққа қызмет ету, – дейді нысанның атқарушы директоры Л.Чудина.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.