«Вираж» дүкені ашылды

Елордамыз Астана қаласының туған күнінде Сәтбаев қаласында «13 жылдыққа – 13 жаңа кәсіпкерлік нысан» атты акциясының аясында Ұлытау көшесінің бойында «Вираж» атты  техникалық қызмет көрсету және автокөлік қосалқы бөлшектерін сату орталығы ашылды. Бұл мерекелік іс-шараға әкім аппаратының қызметкерлері, кәсіпкерлер және қала тұрғындары қатысты. Қала әкімінің орынбасары А.А.Ким жиналғандарды Астана күнімен құттықтап, дүкен иесіне игі тілегін айтты.

Ал, дүкен иесі А.Юзифович болса, өз тарапынан қала басшылығына, бизнесте қолдау көрсеткендері үшін кәсіпкерлік бөліміне және дүкенді салуда көмек көрсеткен барлық азаматтарға алғысын білдірді. Осыдан соң, лентаны кесу рәсімі өтті.

Қазіргі таңда қаламызда 18 автокөлік жуу және жөндеу нысандары бар. Осы нысандардың дамуы қаламыздың шағын және орта бизнесінің өркендеуіне үлкен үлес қосып отыр. Астананың мерейтойы күні ашылған бұл нысан да қала тұрғындарының сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, сонымен қатар қаламыздың көркін ашуына да септігін тигізері сөзсіз.

Айтулы мерекеде қаладағы шағын және орта бизнес қатарына 4 нысан қосылды. Мұндай нысандардың ашылып жатқандығы – сұраныстың барлығы, яғни, әлеуметтік жағдайымыздың жақсарып отырғандығы деп білеміз.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.