МЕМҚЫЗМЕТ САПАСЫ ҮНЕМІ БАҚЫЛАУДА

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

Осыған орай, ағымдағы жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша Департаментпен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша облыстың 40 мемлекеттік мекемесі мен ұйымдарына тексеру шаралары жүргізілді.

Аталмыш тексеру шара­ла­­рының барысында 119205 мем­лекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнама талаптарының бұзылу фактілері анықталды.

Мемлекеттік қызмет берушілер тарапынан жиі кездесетін бұзушылықтар ретінде келесілерді айтуға болады:

— мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету фактілері;
— мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері;
— мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылу фактілері;
— мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері, оның ішінде көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметтің регламентімен көзделген мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерінің сақталмауы.

Тексеріс шараларының қоры­тындысы бойынша 39 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты әрі басшы лауазым иелері әр түрлі тәртіптік және әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды. Оның ішінде, 4 мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 465-бабын, яғни мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің (рұқсат құжаттар) мерзімдерін бұзғаны үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Департаменттің бастамасы бойынша 2017 жылдың мамыр және маусым айларында Қаражал қаласы мен Ұлытау, Осакаровка аудандарының бірқатар мемлекеттік мекемелерінде жүргізілген тексеріс шараларының қорытындысын жергілікті жердегі Қоғамдық кеңестерде қарап, анықталған бұзушылықтарды кеңінен талқылап, болашақта қайталамау тұрғысынан тиісті іс-шаралар қабылданды. Бұл бағыттағы жұмыс одан әрі өз жалғасын алдағы уақытта да таба бермек.

Бақылау іс-шараларымен қатар Департамент тарапынан 2017 жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған әр түрлі 192 түсіндірме шаралары өткізілді. Аталған түсіндірме шараларымен 49 мыңнан аса адам қамтылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралар одан әрі жалғаса бермек.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке алу кезінде Сіз­дердің заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне келесі мекенжай бойынша Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, байланыс телефоны: 8/7212/50-40-66 хабарласа аласыздар. Біздің міндет – халыққа қызмет.

Жансерік Жүніс,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы.

Комментарии закрыты.