Тамаша демалыс

Жаз мезгілі – оқушылар ерекше күтетін уақыт. Себебі, бұл мезгілде оқушылар жазғы сауықтыру алаңына қатысып, демалыстарын көңілді өткізеді.

Қаламыздағы №1 мектеп-гимназиясының жанынан ашылған «Достық» алаңының балаларға берер пайдасы зор. Атап айтсақ, таңертең келген соң балалар денелерін шынықтыру мақсатында әр түрлі жаттығулар жасайды, қызықты жарыстарға қатысып, топ-топпен сынға түседі. Осындай жарыстарға қатыса отырып, оқушылар өздерінің жан-жақты дамуына мүмкіндік алады, көпшілік ортада өзін ұстауды үйренеді. Алдын-ала бекітілген жоспар бойынша іс-шаралар, қызықты сайыстар және жарыстар өтуде. Әр күнге берілген тапсырмалардың орындалуына және балақайлар демалысының мазмұнды өтуіне мән беріліп, тәрбиешілер құлшына еңбек етуде.
«Өнерлінің қолы алтын» демекші лагерімізде «Шебер қолдар» атты сайыс өтті. Бұл сайысқа қызығушылықпен қатысқан «Болашақ» тобының қыздары жүлделі І орынды жеңіп алды. Жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндердің көңілдеріне қарап жұмысыңның нәтижесін көресің.

Б.Туримова, Ф.Тайгуленова,
«Болашақ» тобының тәрбиешілері.

Комментарии закрыты.