Қала әкімінің марапаты

Сейсенбі күні Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында ағымдағы жылдың 3 сәуірінде өткен Қазақстан Республикасы Президенті сайлауының сәтті өтуіне өз үлестерін қосқан қалалық сайлау учаскелерінің төрағаларына қала әкімінің Құрмет грамотасы, мүшелеріне Алғыс хаттар тапсыру рәсімі өтті.

Салтанатқа қала әкімі Б.Шыңғысов, «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Дәрібаев, «Қазақмыс» корпорациясы «Жезқазғантүстімет» ӨБ-нің әлеуметтік сұрақтар жөніндегі директоры Т.Тәжбенов қатысты.

Қала әкімі Бауыржан Шыңғысов сайлаудың ұйымдастырылуы мен жоғарғы деңгейде өтуіне үлестерін қосқан азаматтарға ризашылығын білдіре келе, Президент сайлауына белсене қатысқан 30 сайлау учаскелерінің төрағаларын Құрмет грамотасымен, ал мүшелерін Алғыс хатпен марапаттады.

Қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Н.Геймбух,  №485-ші сайлау учаскесінің төрағасы Қ.Смаилов сөз алып, осы сайлауда көп көмек көрсеткен қала мен «Қазақмыс» корпорациясы басшылығына алғыстарын білдірді.

Марапаттау рәсімі жергілікті өнерпаздардың ән шашуына жалғасты.

Бұл сайлауда барлық учаскелерде сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі жоғары болды. Сайлау учаскелеріне 37405 қала тұрғыны тіркеліп, дауыс берді.

Сарапшылардың пікірінше, өткен сайлау ұйымдастырылуы мен демократиялық жағынан қазіргі Қазақстан тарихындағы ғана емес, сондай-ақ, бүкіл Орта Азиядағы  ең озығы болды.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.