48 адам тіркелді

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын құру бастамасын көтерген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы арқылы Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы жасалатынын, жобада нақты адамдардың тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табатынын айтқан еді.

Елбасының осы рухани жаңғыруға қатысты тапсырмаларын жүзеге асыруға байланысты Сәтбаев қаласында да арнайы жұмыс топтары құрылған. Бүгінде осы топтар ілкімді шаралар түрткі болуда. Соның бірі де бірегейі – жобаға қатысушыларды тіркеу.
Жалпы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысу үшін жаңа форматта жасалған «100esim.el.kz» сайтына өтінім жолдауға болатындығы жайлы газетіміздің өткен сандарында айтқан болатынбыз.

Мұның сыртында жоғарыдағы жұмыс топтарының ықпалымен қалалық ішкі саясат бөлімі арқылы да лайықты деген азаматтардың тізімдері жасалынуда. Ол жайында қала әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина қала әкімдігінің кеңейтілген аппараттық жиынында мәлім етті. Оның айтуынша мәдениет, ғылым, спорт, қоғам және медицина салаларында жетістіктерге жеткен 48 адамның өмір жолы туралы мәлімет тіркелген. Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен «Қазақстанның 100 жаңа есімін» анықтау үшін бұл жұмыс алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

– Жобаның басты мақсаты әр салада еселі еңбек етіп жүрген бірақ Қазақстанға әлі танылып үл­гермеген жаңа есімдерді іздеп та­буы­мыз керек. Осы бағытта жұ­­мыс жүргізіп жатырмыз, – дейді Айгүл Қосманқызы өз есебінде.
Орайы келгенде айта кетейік кеншілер қаласында «Туған жер» бағдарламасы аясында да ауқымды шаралар жоспарлануда. Қазірдің өзінде бірнеше жеке кәсіпкерлер қала аумағында балалардың ойын алаңдарын салуға жер сұрап, өтініштер беруде.

Ізтай Белгібайұлы.

Комментарии закрыты.