ЕКІ ЕСЕЛЕНДІ

Биыл бірінші жартыжылдықта «KAZ Minerals» тобы 118 мың тонна мыс алды. Бұл — өткен жылдың сәйкес мерзіміндегіден (56 мың тонна) екі есе артық.

Топтың баспасөз қызметі осындай жағымды жаңалық таратты.
Былтыр бірінші жартыжылдықта 22,1 миллион тонна кен өндірген «KAZ Minerals» тобы биыл алғашқы алты айда ол өндірістік көрсеткішті 34,4 миллион тоннаға жеткізді. Бұл Бозшакөл мен Ақтоғайдағы өңдеу қуатының артуы арқасында мүмкін болды.
Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда күкіртті кен өңдеу көлемі 3,8 есе өсті. Оның құрамындағы мыстың орташа үлесі 0,76% болды. Ал, өңделмеген 8,3 миллион тонна оксидті кен Ақтоғайдағы шоғырландырып сілтісіздендіру панеліне орналастырылды, Бозшакөлде ақбалшық аралас 9 миллион тонна кен қоймаға қойылды.
Жыл басында Артемьевск шахтасында құнарсыз кен өндіру салдарынан құлдырап кеткен көрсеткіш қалпына келтіру жұмысынан кейін екінші тоқсанда 8% артып, 16,8 мың тонна концентраттағы мырыш алынды.

Әлібек ӘБДІРАШ.

Комментарии закрыты.