Көк желекке бөленген мектеп

Қаламыздағы жалпы білім беретін №16 орта мектепте менің екі балам білім алуда. Аталмыш мектеп ашылған жылдары ауласында ағаштар болмаған еді. Ал қазір, мектеп ұжымының қажырлы еңбегінің және ата-аналар көрсеткен көмектің арқасында мектептің айналасы жасыл желекке бөленіп, көркейе түсуде.

Әсіресе, жазғы мезгілде мектеп маңы тұрғындар үшін кішігірім демалыс орнына айналған. Мектеп аймағын абаттандыру мақсатында жыл сайын бірқатар акциялар мен іс-шаралар өткізіліп тұрады. Мәселен, мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер ата-аналарымен бірігіп «Бастауыш сынып» аллеясына бірнеше ағаштар отырғызады. Сонымен қатар, түлектер де мектепке өз үлестерін қосу үшін ағаштарды отырғызу дәстүрге айналдырған.
Сөз соңында барлық ата-аналар атынан мектеп ұжымына алғысымды білдіріп, мектебіміз жылдан-жылға көркейе берсін дегім келеді.

Лаура Сабырова.

Комментарии закрыты.