Анаға құрмет

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Астана күніне орай  қаламыздың тұрғыны, «Алтын алқа» иегері зейнеткер Рахима Бекованы «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы өкілдері   құттықтап қайтты.

Ардақты анаға «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жаңбырбай Дәрібаевтың Алғыс хаты мен заттай сыйлығын «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Дулат Төлегенов тапсырды.

– Осындай мерекеде бізді құрметтеп, сыйлап жатқан «Нұр Отан» партиясының өкілдеріне, қала басшылығына алғысым шексіз. Отыз екі жыл ауданаралық қоймада еңбек етіп, құрметті демалысқа шықтым. Тоғыз баладан жиырма екі немере, үш шөбере сүйіп отырған бақытты жанмын. Тәуелсіздігімізді алып берген Елбасына рахмет, мерекелерің құтты болсын, – дейді апай.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.