«Сарыарқа – ежелгі шеберлер мекені» атты көрме ашылды

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Сарыарқа – ежелгі шеберлер мекені» атты көрме өтуде. Өз жәдігерлерін «Мәкен Төрегелдин атындағы Жезді тау-кен және балқыту ісі тарихы музейі» алып барды.

Тақырыбы және экспозициясы жағынан бірегей музей ашық аспан астында орналасқан көлемді экспонаттар арқылы металлургия мәдениетін қалыптастырған ежелгі тайпалардың тас ошақтан басталған тарихын көрсетеді.

Көрмеге келушілер өздерін бір мезет ежелгі шеберлер ролінде сезіне алады. Оларға көне кәсіп ұсталық өнер қалпына келтірілген ұстахана көшірмесі арқылы таныстырылады. Өлке индустриясының дамуында айрықша орын алған Қарсақбай мыс зауытың ағылшын кезеңі құжаттары, қазақстандық геологияның негізін қалаған Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық Музей-үйі экспозициясының түпнұсқа жәдігерлері, академиктің минералдар коллекциясы және өлкедегі тұңғыш техникалық кітапхана қорының ХХ ғ. басындағы раритет басылымдары көрмеге қойылған. Көрменің маңызды бөлігі – аталмыш өлкенің өндірістік игерілуіне биыл 170 жыл толуы.
Көрмеге келушілеріне Ұлытау-Жезқазған индустриалды аймағының тарихынан сыр шертетін өлке өндірісі жайлы құжаттар, фотолар,1928 жылғы архивтік бейнежазбаны тамашалай алады. Көрмеге музей қорының 200-ден астам экспонаттары қойылған.

Комментарии закрыты.