Отбасы құрылды

Отбасы – қоғамның ең маңызды тірегі. Бұл тіректің беріктігі – ұлттың, мемлекеттің қуаты. Отбасы барлық кезде адами құндылықтар, ұрпақтардың мәдени және тарихи мұрасы сақталатын асыл ұя, халық әл-ауқатының көрсеткіші ретіндегі мемлекеттің факторы болып қала бермек. Отбасының әл-ауқаты – кез келген елдің дамуы мен ілгерілеуінің өлшемі.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай биылғы жылы «Тәуелсіздік ұрпағы – туған елге!» атты жастар жобасы іске асырылуда. Осы жоба аясында «Бақытты жанұя – мемлекет тірегі» бағытын жүзеге асыруда қосып жатқан үлестері үшін өткен аптада отау құрған жас отбасы Нұрбол Жакупов және Айгүл Бірімжанова «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты мүшелерінің тарапынан құрметке ие болды. Сонымен қатар, жас жұбайларды Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» ХДП қалалық фракциясының мүшесі, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы Серік Орал құттықтап, оларға салтанатты түрде лента тақты.

Жас жұбайларға «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Дәрібаевтың атынан сертификат табыс етілді.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.